Жаңалықтар

«Нұрлы жер»: Асқар Мамин тұрғын үй кешендерінің құрылысын тексерді

ашық дереккөзі

«Нұрлы жер»: Асқар Мамин тұрғын үй кешендерінің құрылысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер – «Бағыстан» және «Bazis» тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді, – деп хабарлайды primeminister.kz. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр (2786 пәтер) болатын аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысына 500-ге жуық адам тартылған, жұмыс ірі панельді үй құрылысы саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелерді қолдана отырып, екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмысын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.