Шұғыл штаб коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді
Шұғыл штаб коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы мәлімет берді.
Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туған ер азаматтар мен 1991,1966 жылы туған әйел адамдар.
Олар вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 диагнозын нақтылады.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.