Бір ғасыр бұрын испан тұмауын жеңген қария коронавирустан да айықты

Бір ғасыр бұрын испан тұмауын жеңген қария коронавирустан да айықты

Бір ғасыр бұрын испан тұмауын жеңген қария коронавирустан да айықты
ашық дереккөзі
Испанияның оңтүстігінде коронавирустан айығудың бірегей жағдайы тіркелді. Өткен ғасырда испан тұмауын жеңген 106 жастағы кейуана COVID-19  індетінен де емделіп шықты. Malaga Hoy басылымына сұхбат берген қарияның келіні Паки Санчес енесі  Ана дель Валье 100 жыл бұрын кеселді қалай жұқтырғанын айтып берді. Оның айтуынша, бір ғасыр бұрын сүт алып келуге кеткен қаршадай қыз үйіне уақтылы оралмаған. Кішкентай Ана дель Вальені іздеуге кіріскен жақындары оны талдың түбінде есінен танып жатқан жерінен тауып алады. Қыздың қызуы қатты көтеріліп, сол кезеңде кең тарай бастаған испан тұмауын жұқтырғаны анықталған. Тиісті ем қабылдаған бүлдіршін көп ұзамай дертінен айығады. Ал коронавирус індетін қария Alcalá del Valle қарттар үйінде жұқтырған. 2012 жылдан бастап ол сонда мекен етіп келеді. Жақындары оған жиі барып, жағдайын біліп тұрған. Алайда мекемеде вирустың кең тарауына байланысты 9 наурыздан бастап ондағы тұрғындар мен қызметкерлер карантинге алынған. Испан журналистерінің хабарлауынша, биылғы жылдың қарашасында Ана дель Валье 107 жасқа толады. Ол коронавирустың жеңген әлемнің ең қарт тұрғындарының бірі. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусты жеңген Түркияның 107 жастағы тұрғыны жайлы  жазғанбыз.