Бүгінгі күннің бағасы – болашақтың еншісінде
Бүгінгі күннің бағасы – болашақтың еншісінде
Өмірде атқарған қызметтері мен тындырған шаруалары талайды таң қалдыратын, ойы өзгеден озық, болмысы бөлек жандар болады. Олар көбіне көш бастаған кемеңгер тұлғалар ретінде танылып, есімдері тарихта мәңгілікке қала беретін жандар.
Бірақ, өз мойнына өзінен көрі өзгенің мәселесін артып алып, бұқараның талап-тілегінен шығу жолында аянбай еңбек ететін сондай көшбасшылардың тынымсыз, қажырлы еңбегі дер кезінде еленіп, бағалана қоймай жататыны да ақиқат. Ол заңды да. Себебі жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір болатыны да белгілі. Мұндай жағдайда саналуан көзқарас пен сынның бәрін де бірдей дұрыс деп қабылдап, бас изеп отыра бермес өзіндік жеке ой-пікірі қалыптасқан парасат биігінен көрініп жүрген айтулы тұлғалардың да бар екенін естен шығармау керек.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген де халықпыз. Шын айтылып жатса, ол сын да адамның өзіне өзгенің көзімен қарауы үшін аса бір қажетті «дәрумен» тәрізді әсер ететінін ойшылдар талай тілге тиек еткен де болатын.
Мәселен, тарих толқынында Джордж Вашингтонды экономикалық саясат пен халықаралық қатынастар талай сынға алды. Мұстафа Кемал Ататүріктің диктаторлығы мен қатыгездігін сынға алып, Куан Юді авторитаризм және саяси қарсыластарын кемсіткені үшін айыптады. Осының бәрін жасаған өз замандастары. Шын мәнінде, реформаторларды ешкім де ешқашан уақытында тиісті бағасын беріп, түсіне қоймаған.
Қарап отырсаңыз, тарихи жетекшілердің бәрі де сынға ұшырады, атқарған ісі теріс жағынан ақпарат танытып, жалған жел сөздер таратылып, олардың тарапына қарғыс та қарша борап жатты. Бірақ кейінірек дүниежүзілік тарих олардың есімін белгілі бір кезеңнің көрнекті қайраткерлері мен көреген саясаткерлерінің және дана билеушілердің тізіміне жазды. Демек, нақты бағасын сан мыңдаған ғасырлар тоғысында жалғасқан ұрпақ қана беріп отырған.
Қазақстанның болашақ қоғамының да 40-50 жыл ішінде Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылындағы оқиғаларға және Елбасының елдің дамуына қосқан үлесіне басқаша көзқараспен қарайтынына күмән жоқ. Әсіресе, тұңғыш Президенттің 30 жыл бойы ел басқарғаннан кейін мерзімінен бұрын билік басынан кетуін де әлі талай тарих, талай ұрпақ сараптап өзіндік бағасын береді. Себебі, бүгінгі күн – ертеңгі тарих.
Әсел Жақсыбай