24 Сәуір, 17:22 522 0 Денсаулық Арайлым Бимендиева

Covid-19: Қытай гуманитарлық көмек жіберді

Бүгін Қазақстанға Қытайдан салмағы шамамен 1 200 кг болатын гуманитарлық көмек жеткізілді. Оған медициналық маскалар мен қолғаптар, қорғаныс костюмдері мен термометрлер кіреді.

Осыған дейін әскери ұшқыштар Қазақстанда 2 апта болған қытайлық дәрігерлер тобын тасымалдауды жүзеге асырған болатын. Олар коронавирустың алдын алу және емдеу, жұқтырғандарды анықтау және оларды оқшаулау, зерттеу және диагностика әдістері, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне жұқтырудың алдын алу ережелеріне қатысты өз тәжірибесімен бөлісті.

Бұл Қазақстанға Қытайдан әкелінген алғашқы гуманитарлық жүк емес. Бұған дейін Қытай тарапынан еліміздің медициналық ұйымдарының қажеттілігін ескере отырып, тесттер, қолғаптар, көзілдірік, халаттар және басқа да қажетті медициналық қорғаныс құралдары бөлінді.

Соңғы жаңалықтар