Жаңалықтар

BizBirgemiz: Алматыда 23 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді

BizBirgemiz: Алматыда 23 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілді

Nur Otan партиясы Ал­ма­ты қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Станислав Кан­куров Nur_otan_almaty ресми парақшасының тікелей эфирінен #BizBirgemiz акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан сұрақ көп болды. Олардың бірі «BizBirge­miz қорынан неше рет көмек көрсетілді?» деп сұрады. Онда бір адамға бір санат бойынша бір-ақ рет көмек көрсетілетіні, келесі кезеңде басқа санат­тағы азамат­тарға көмек көрсе­тілетіні айтыл­ды. Сондай-ақ тұр­ғындар тара­пы­нан азық-түлік себеттері ту­ралы да сауалдар жолданды. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары азық-түлік себеттері негізінен демеу­шілер көмегі есебінен көр­сетілетінін, ұйым­дас­тырушылар мүмкіндігінше нағыз мұқтаж жандарды барынша қам­туға ты­рысып жатқанын айтты. Әңгіме арасында карантин жа­рия­лан­ғалы бері 6 000 аза­матқа азық-түлік себеттері таратылғаны хабарланды. Эфир кезінде тұрғындардан түскен сұрақтардың бірқатарына жауап берілді. Азаматтардың көп­шілігі қиын шақта қандай көмек алуға болатынын сұраса, көмек алып, қолдауды сезінген тұрғын­дар пар­тия­лықтарға алғы­сын айтып, ризашы­лығын білдірді.