Түркиядан Орталық Азияға жүк пойызы жолға шықты

Түркиядан Орталық Азияға жүк пойызы жолға шықты

Түркиядан Орталық Азияға жүк пойызы жолға шықты
ашық дереккөзі
Түркияда өндірілген экспорт тауарларын Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанға жеткізетін пойыз Карстан Грузияға қарай жолға шықты, – деп хабарлайды Түркия РадиоТелевизия порталы. Ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, Түркияда өндірілген тауарларды Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанға жеткізетін 940 метрлік пойыз 82 контейнерден тұрады. «940 метрлік пойыз Баку-Тбилиси-Карс желісінде қазірге дейін жүрген ең ұзын пойыз болып саналады. Түркияның Карс қаласынан қозғалған пойыз алғашқы аялдамасы Грузияға қарай жолға шықты. Желі бойындағы елдерге жүк тастайтын пойыз тоғыз күннен кейін Өзбекстанға жетеді. Тоғыз күн ішінде барлық жүгін межелеріне жеткізетін болады», – деп жазады TRT.