Жаңалықтар

Жасырын жұмыс істеген дәмханада тамақтанған шымкенттік полицей қызметінен айрылды

ашық дереккөзі

Жасырын жұмыс істеген дәмханада тамақтанған шымкенттік полицей қызметінен айрылды

Шымкентте жасырын ашылған дәмханаға барып тамақтанған полицей қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық полиция департаменті бастығының мәліметінше, Абай ауданы әкімшілігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп рейд жүргізген. Рейд барысында төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан «Сарыарқа» дәмханасының әкімшілігі азаматтарды қабылдап, оларға қызмет көрсеткені анықталған. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК 476-бабы 6-тармағымен дәмхана әкімшілігі мен азпазына әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған істер Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. «Бұл жағдай кеше талтүсте «Сарыарқа» кафесінде болған. Ол аудандық полиция басқармасының дәл жанында. Біздің қызметкер оны ашық тұр екен деп ойлап, «кіріп тамақ іштім» деді. Ол қызметкерді біз жұмыстан босаттық. Қазіргі таңда полицейлер арасындағы құқықбұзушылықтарды тауып, қатаң жазаға тартып жатырмыз»,- деді Ералы Жұмаханбетов.