Covid-19: Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады
Covid-19: Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады
Қытайлық дәрігерлер Қазақстандағы өздерінің жұмыстарын аяқтап, үйлеріне оралды. Медицина қызметкерлері тобының Қытайға қайтуын Қазақстан Әскери әуе күштері әскери-транспорттық авиация күшімен жүзеге асырылды.
10 қытайлық дәрігерлерден құралған топ 9 сәуірден бері елімізде. Осы уақыт ішінде қытайлық мамандар медициналық мекемелерге барып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар аясында қазақстандық әріптестерімен коронавирустық инфекцияны алдын-алу мен COVID-19 індетімен ауыратын науқастарды емдеу, инфекцияны жұқтырған адамдарды анықтау алгоритмі мен оларды оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеулер әдістері, медициналық персоналдың диагностикадан өтуі мен олардың инфекцияны жұқтыруларын болдырмау туралы тәжірибелерімен бөліскен болатын.
Аталған шараларда әскери дәрігерлер де қатысты. Қазіргі таңда әскери медициналық қызметкерлер коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу және қауіпті инфекциямен күресте қажетті көмек көрсетумен айналысып жатыр.