Жаңалықтар

Вьетнамда соңғы аптада бірде-бір адамнан коронавирус анықталған жоқ

ашық дереккөзі

Вьетнамда соңғы аптада бірде-бір адамнан коронавирус анықталған жоқ

Вьетнамда соңғы 7 күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жаңа дерегі тіркелмеген. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында хабарланды, деп жазды РИА Новости. Індеттің таралуы басталғалы бері Вьетнамда 268 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 223-і емделіп шыққан. Айта кетейік, Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2 637 673 адамға жетті. Індеттен 184 217 науқас көз жұмды. 717 625 адам дертінен айықты. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2251-ге жетті. Індеттен 20 адам көз жұмды. Бұған дейін Алматыда вирустан көз жұмудың алтыншы дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Дәрігерлер марқұмның бірнеше созылмалы ауруы болғанын айтты. Ал дертінен айыққандар отандастарымыздың саны 549-ға жетті.