Тележурналистер студенттерге онлайн дәріс өткізуде

«Хабар» агенттігінің бір топ журналисі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне онлайн дәріс өткізіп жатыр. Іс-шара «Хабар»  агенттігінің 25 жылдығы мен  Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған.

Алғашқы күні El Arna телеарнасының директоры Арман Балтабайұлы «Тележүргізуші мен тележурналистика мамандығы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Телемаманның кәсіби тәжірибесін 80-ге жуық қатысушы онлайн тыңдады.

Сонымен қатар іс-шара аясында Зохиджон Хаджиметов, Асхат Жақаев, Ермұхамед Мәуленұлы,  Айгүл Әділова, Әсел Тұрсынғазина,  Оңалтай Қуандық,  Ляззат Шатаева, Айбек Қабылша, Мая Бекбаева шеберлік сыныбын өткізеді.

WhatsApp Image 2020 04 23 at 15.11.47

Тележүргізуші шеберлігі, президенттік пул, телеарнадағы режиссер, спорт комментаторы, тікелей эфирдегі телемарафондар, халықаралық жаңалықтар, күнделікті жаңалықтар топтамасын әзірлеу процесі, сондай-ақ спорт журналистикасы тақырыбы қызықтырған ЕҰУ-дің барлық мамандық бойынша білім алушылары мен оқытушылары тәжірибесі кәсібилігімен ұштасқан танымал журналистердің шеберлік дәрісіне қатыса алады.

 

Эльмира ЕРІКҚЫЗЫ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Back to top button