"Әр аудиторияда 25 адамнан отыруы мүмкін": Биыл ҰБТ қалай өтетіні белгілі болды

"Әр аудиторияда 25 адамнан отыруы мүмкін": Биыл ҰБТ қалай өтетіні белгілі болды

"Әр аудиторияда 25 адамнан отыруы мүмкін": Биыл ҰБТ қалай өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Коронавирус індетінің таралуына байланысты биыл ҰБТ өткізу барысында санитарлық шараларға қатаң мән беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты.  «Тестілеу мерзімі әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Оны маусымның 22-сінде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Егер пандемия салдарынан жағдай өзгерер болса, бұл мерзімді қарастырып, тағы екі аптаға созуымыз мүмкін», – деді Дидар Смағұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Сонымен бірге, биылғы тестілеуде түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту сынды қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

«Тестілеуде әдетте бір аудиторияда 100-150 адам отыратын. Қазір 50 адамнан отырғызуды ұйғардық. Эпидемиологиялық жағдай қиындаса, 30 адамнан, тіпті 25 адамнан қалдырамыз. Әр түлектің айналасында 2-2,5 метр қашықтық сақталуы керек. Ол үшін аудандарда ғимарат жеткілікті, барлығын есептеп шықтық. Еш қиындық болмайды», – деді Д. Смағұлов. Бұған дейін Дидар Смағұлов ҰБТ-ға 11-сыныптың төртінші тоқсанынан жаңа сұрақтар болмайтынын түсіндірген еді.