Қырғызстанда 162 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты

Қырғызстанда 162 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты

Қырғызстанда 162 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты
ашық дереккөзі
Қырғызстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 631-ге жетті. Бұл туралы елдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады. Елде індетке шалдыққандардың 162-сі – медицина мамандары, ал 12-сі құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Қырғызстанда коронавирустан 8 адам көз жұмды. Індет жұқтырғандардың 302-сі емделіп шықты. Олардың 45-і – ақ халаттылар. Айта кетейік, әлемде COVID-19 індетін 2,6 миллионнан астам адам жұқтырды. Індеттен 184 217 науқас көз жұмды. 717 625 адам дертінен айықты. Ал Қазақстанда 2191 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 515-і емделіп шықты. Дерті асқынған 20 адам көз жұмды. Бұған дейін Алматыда індеттен алтыншы адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.