Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,6 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,6 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,6 миллионнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2 637 673 адамға жетті. Індеттен 184 217 науқас көз жұмды. 717 625 адам дертінен айықты. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Вирус жұқтыру деректері ең көп тіркелген мемлекеттер көшін АҚШ бастап тұр. Соңғы тәулікте Құрама штаттарда коронавирусқа шалдығудың 29830 жаңа жағдайы анықталды. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 848 994 адам. Екінші орында – Испания. Мұнда 208 389 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы тәулікте елде 4211 науқас тіркелді. Ал үшінші орында – Италия. Бұл елде 187 327 адам вирус жұқтырған. Соңғы тәулікте індетке шалдығудың 3370 жаңа дерегі тіркелді. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 2191-ге жетті. Науқастардың 515-і емделіп шықты. 19 адам қайтыс болды.