«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі»

23 сәуір, 2020 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» Әлеуметтік желіде қалың көпшілікке «Қандай кітап оқып жатырсыз?» деген сауал тасталып, белгілі ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайрат­керлері мен басқа да азаматтар өздері оқып жатқан кітап­тары жайлы жарыса жазып, жап-жақсы үрдіс бас­тады. Жазушылар одағының басшысы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет жолдаған эстафетаны Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жал­ғас­ты­рып, қараша халыққа қандай кітап, газет-журнал оқып жатқанын жария етті. Президент оқуға кеңес бер­ген басылымдар ішінде Turkistan халықаралық га­зеті де бар. «Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өз­ге­ріс­ке ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқ­­шаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан осы карантин күндері ақын-жазушылар, жур­налистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отан­дастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы ресми парақшасында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазір өзі оқып жатқан шығармалар мен басылымдар жайлы айтып, бірнеше кітапты оқуға кеңес берді. Президент қазір оқып жатқан шығармалар мен басылымдар: «Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отан­дас­тарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқу­ға кеңес беремін», – деді Мемлекет басшысы. Президент ұсынған кітаптар: Әлемдік әдебиет: Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет: Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударыл­ған шығармалар: