Жаңалықтар

Президенттік басқару институтына – 30 жыл

ашық дереккөзі

Президенттік басқару институтына – 30 жыл

Қазақстанда Пре­зи­дент­тік институт осыдан 30 жыл бұрын енгізілді, яғни 1990 жы­лы 24 сәуір­де Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР Президенті лауазы­мын бекітті. XX ға­сыр­дың 90-жыл­­да­рын­да­ғы елде қа­лыптасқан жағ­­дай, әсі­ресе Кеңес Ода­ғы та­ра­ған кездегі на­рық­тық эко­но­ми­каны қа­лыптастыру, қо­ғам­дық қатынастар­дың бар­лық са­ласын жаңа үрдіс­тер­ге сәйкес­тен­діру, әлеу­­мет­тік-эко­но­ми­ка­лық қиын­­шы­лық­тарды ше­шу міндеттері жаңа сая­­си жүйені прези­дент­тік басқару фор­ма­сына ба­­сымдық беру ар­қылы қа­­лып­тастыру қа­жет­­ті­гін көр­сет­ті. Айта кетсек, 1991 жылғы 1 жел­тоқ­санда Қа­зақстан Республика­сы­ның азаматтары бүкіл­халық­тық сай­лауда тұңғыш рет ел Пре­зи­ден­тін сайлады. Сол уақыттан бері Президенттік инс­титут Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасымен бай­­ла­ныстырылып келді. Қазақстан әлем елдерінің тәжі­ри­бесін мұ­қият зерделей отырып, өр­кениетті қоғамға және заманауи та­лаптарға сай өзіндік саяси және та­рихи жолын жүріп келеді. Пре­зиденттік билік институты Қа­зақ­станның күн тәртібіндегі өзекті мә­селелердің кезең-кезеңімен ше­шілуіне, елдің дамудың жаңа са­ты­сына көтерілуіне, саяси, эко­номи­ка­лық және әлеуметтік салалардың тұрақ­тандырылуына, ұлттық қауіп­сіздіктің қам­там­а­сыз етілуіне кепіл бол­ды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемле­кет­тігіміз бен дұрыс стратегияны таң­­дауда, ішкі және сыртқы сая­сат­тың негізгі бағыттарын айқын­дауда көрегендік танытты. Елбасы бүгінде халықаралық қа­тынас­тар­дың толыққанды су­бъек­тісі болып та­былатын Қа­зақстанның әлемдік сахнадағы бе­де­лін нығайтуға баға жетпес өзіндік зор үле­сін қосқан тарихи тұлға. Н.Назарбаев бас­шылығымен елі­міздің бейбіт сүйгіш, көп­векторлы, сын­дарлы сыртқы саясаты қа­лып­тасып, даму үстінде. Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ай­мақ­тық және халықаралық саясатқа ықпал ете­тін бірнеше қауіпсіздік және эко­но­ми­калық ынтымақтастық құрылымдарының бас­тамашысы болды. Атап айтсақ, Еура­зия­лық экономикалық одақ, Азиядағы өзара ық­палдастық және сенім шаралары жө­нін­дегі кеңес, Түркітілдес мемлекеттердің ын­тымақтастық кеңесі және т.б. Бүгінде Президенттік билік институты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың ел басқару жүйесінде сабақтастығын және жалғасын тауып отыр. Осы уақытта іш­кі және жаһандық деңгейдегі күн тәр­тібіндегі сын-тегеуріндерді, бүкіл әлемнің зор алаңдаушылығын тудырып отырған ко­ронавирус індетімен күрес сияқты жа­ғ­дайларды еңсеруге бағытталған саяси ше­шім­дер қабылдауда Президент тұлғасының мойнына жүктелген жауапкершіліктің зор екенін айқын көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болатын саяси жүйенің өміршеңдігін, тиімділігін ары қарай да дәлелдемек. Қазақстанға шетелдік әріптестерінің, ал­пауыт мемлекеттер көшбасшыларының қа­рым-қатынасы, әсіресе Тұңғыш Прези­дент – Елбасы Н.Назарбаевтың және іс ба­сын­­дағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың әлем­дік саяси сахнадағы беделі қазақ­стан­дық даму жолының мойындалғанын және оң бағаға ие екенін көрсетіп отыр. Бұл же­тіс­тіктердің бастауы – 30 жыл бұрын жа­сал­ған таңдау Президенттік институтымен тікелей байла­нысты.  

Әсел НАЗАРБЕТОВА,

Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы