АҚШ Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жөнелтті

АҚШ Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жөнелтті

АҚШ Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жөнелтті
ашық дереккөзі
Америка Құрама Штаттары Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтар жолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  «АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік. Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті қабылдап алуға қатысты», - делінген министрлік ақпаратында. Атап өтілгендей, «СҚ-Фармация» ЖШС COVID-19 індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.