Birgemiz қорына 23,5 млрд теңгеден астам қаржы жиналды

Birgemiz қорына 23,5 млрд теңгеден астам қаржы жиналды

Birgemiz қорына 23,5 млрд теңгеден астам қаржы жиналды
ашық дереккөзі
2020 жылғы 22 сәуірдегі сағ.18.00 жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шоттарында 23 519 784 414 теңге жинақталды, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. 38 800 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмек «Бизнес компания RG» ЖШС-нен келіп түсті. Қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020).