Шелекте бір үйдің 6 адамы коронавирусқа шалдықты

Шелекте бір үйдің 6 адамы коронавирусқа шалдықты

Шелекте бір үйдің 6 адамы коронавирусқа шалдықты
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы облысында 7 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың алтауы - 63, 40, 33, 19 жастағы төрт ересек және 7, 4 жастағы екі бала Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары. Олардың бәрі де - бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, 9 адам жазылып шықты.