Шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелейтін арнайы бөлім құрылады
Шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелейтін арнайы бөлім құрылады
Елімізде мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді.
"Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғаларымен жасалынатын ауыр және аса ауыр жүйелік сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оларды болдырмау мақсатында Агенттіктің құрылымында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа жедел бөлім – орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылады. Бөлім біздің ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі", – деді Н. Жақсымбетов.