Еуропадағы ең ірі жанартау оянды

Этна жанартауы жексенбі күні атқылай бастады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат агенттігі Euro Weekly News басылымына сілтеме жасап жазды.

Атқылау барысында ыстық лава мен жанартау күлі шашырап, жер бетінің орташа тербелісі байқалды. Жанартау белсенділігі жұма күні сезілді. Атқылау 5 километр биіктікке күл шашырау арқылы басталды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, аймақтың сейсмикалық белсенділігі бірден артып кеткен. Қалың түтінді 30 шақырым қашықтықтан көруге болады. Жанартау Катания сицилиялық порт қаласына жақын маңда.

Айта кетсек, жанартау атқылау жергілікті тұрғындар мен олардың мүлкіне қауіп төндірмейді. Оған қоса, оның коронавирус пандемиясы салдарынан қызметі шектелген халықаралық Катания әуежайының жұмысына кері әсері болмады.

Еске сала кетсек, Этна Еуропадағы ең биік сөнбеген жанартау. 2013 жылдың маусым айында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енді.

 

Back to top button