Карантин мамыр айында да созылуы мүмкін – министр

Карантин мамыр айында да созылуы мүмкін – министр

Карантин мамыр айында да созылуы мүмкін – министр
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде карантин мамыр айында да созылуы мүмкін екенін айтты. «Әлбетте, бәрі де аурудың таралу ахуалына байланысты. Вирустың таралуын тоқтатудың бір ғана амалы бар: бұрынғыша байланысты азайту. Адамдар қауіпсіздікті сақтап үйренбей, бүкіл ел үкіметтеріне қатаң шараны жалғастыруға тура келеді. Сол себепті бұл жағдай уақытты талап ететіндіктен, карантин мамыр айында да созылуы мүмкін», – деді Елжан Біртанов Тенгриньюстің инстаграм-парақшасының тікелей эфирінде. Министрдің есептеуінше, қауіпсіздікті сақтамаса мамыр айындағы ахуал тіпті қиындап кетуі әбден ықтимал. «Біздің ойымызша, мамыр әлі де қауіпті кезең саналады», – деді ол. Елжан Біртанов елдегі коронавирус қаупі сейілмей бірқатар шектеулер күшінде қала беретінін жеткізді.