Карантин мамыр айында да созылуы мүмкін – министр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде карантин мамыр айында да созылуы мүмкін екенін айтты.

«Әлбетте, бәрі де аурудың таралу ахуалына байланысты. Вирустың таралуын тоқтатудың бір ғана амалы бар: бұрынғыша байланысты азайту. Адамдар қауіпсіздікті сақтап үйренбей, бүкіл ел үкіметтеріне қатаң шараны жалғастыруға тура келеді. Сол себепті бұл жағдай уақытты талап ететіндіктен, карантин мамыр айында да созылуы мүмкін», – деді Елжан Біртанов Тенгриньюстің инстаграм-парақшасының тікелей эфирінде.

Министрдің есептеуінше, қауіпсіздікті сақтамаса мамыр айындағы ахуал тіпті қиындап кетуі әбден ықтимал.

«Біздің ойымызша, мамыр әлі де қауіпті кезең саналады», – деді ол.

Елжан Біртанов елдегі коронавирус қаупі сейілмей бірқатар шектеулер күшінде қала беретінін жеткізді.

 

Back to top button