Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Марат Орынбасарұлы Пашимов атқаратын болды.

Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі – емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған. 2005-2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келген.

Айта кетейік, бұған дейін аталған басқарма басшысы болған Мұқан Егізбаев өз еркімен қызметінен кетті.

Back to top button