Шымкентте төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Шымкентте төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Шымкентте төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында өңірде 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталғанын айтты.  «Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы – төтенше жағдай қызметінің өкілі. Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылды. Бұл дегеніміз – вирусты инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топқа дәрігерлер, полицейлер мен әскери қызметкерлерден бөлек құтқарушылар да еніп отырғанын көрсетеді. Соған қарамастан қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдері, соның ішінде 101 және 112 қызметіндегілер штаттық режимде жұмыс істеуде», – делінген хабарламада. Қала әкімі сондай-ақ, тұрғындарды аса қажеттілік болмаса үйінен орынсыз шықпауға шақырған. «Себебі, вирустың тасымалдаушысы немесе індетті жұқтырған науқаспен байланыста болған адаммен бетпе-бет кездесіп немесе кездеспегеніңізді бүгін болжау мүмкін емес. Өз туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін өзін-өзі оқшаулаудың қатаң режимін сақтаңыз. Өзіңізге қымбат жандардың өмірін қауіпке тікпеңіз», – делінген әкімнің парақшасында.