"Мені бәрі келеке етіп жүр": Лукашенко коронавирусқа қатысты ұстанымын өзгертпейтінін айтты

"Мені бәрі келеке етіп жүр": Лукашенко коронавирусқа қатысты ұстанымын өзгертпейтінін айтты

"Мені бәрі келеке етіп жүр": Лукашенко коронавирусқа қатысты ұстанымын өзгертпейтінін айтты
ашық дереккөзі
Белоруссия президенті Александр Лукашенко әлемдік қауымдастықтың ресми Минск тарапына бағытталған сынына жауап берді, деп хабарлайды Life.ru Лукашенконың айтуынша, басқа елдермен салыстырғанда Белоруссияның коронавируспен күреске дайындығы жоғары болды. – Коронавирус саясатқа айналды. Бәрі Лукашенкоға, Беларусь еліне тіс батырғысы келеді. Өйткені біз саптан шығып кеттік. Бұған таңғалудың қажеті жоқ. Біз жүйені сақтап қалдық және оны қалыпқа келтірдік, – деді Белоруссия басшысы. Александр Лукашенко коронавирустан көз жұматындар саны жүрек-қантамыр ауруларынан, қант диабеті және онкологиялық кеселдерден болатын өлім-жітім көрсеткішінен анағұрлым төмен екенін алға тартады. Ол коронавирустың қаупін асыра бағалауға қарсылық білдіргені үшін күлкіге айналғанын әділетсіздік деп есептейді. – Мені бәрі келеке етіп жүр, әсіресе Ресейдегілер. Тағы қайталап айтамын: Коронавирустан Могилёвск облысының өзінде ешкім көз жұмған жоқ. Марқұмдардың бәрі созылмалы аурулардан қайтыс болып жатыр. Кез келген вирус иммунитеті төмен адамдарға қауіп төндіретіні белгілі, – дейді Беларусь президенті. Айта кетейік, бұған дейін Александр Лукашенко Белоруссияда коронавирустан бірде-бір адам көз жұмбағанын, ал індет жұқтырғандардың қайтыс болуы CoViD-19-дың емес, созылмалы аурулардың салдары екенін айтқан. Ал ДДСҰ Белоруссияны коронавирустың таралуын шектеу үшін карантин режимін енгізуге шақырды. Ресми Минск бұл талапты орындаудан бас тартып, індетпен күресудің басқа жолдарын қолданатынын мәлімдеді. Соңғы дерек бойынша, Белоруссияда 6264 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 51-і көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі марқұмдардың барлығында созылмалы аурулар болғанын алға тартып отыр.