Абай 175: «Астана Опера» онлайн жобаны іске қосты

Абай 175: «Астана Опера» онлайн жобаны іске қосты

Абай 175: «Астана Опера» онлайн жобаны іске қосты
ашық дереккөзі
«Астана Операның» танымал әншілері Жаннат Бақтай, Жанат Шыбықбаев, Меир Байнеш, Айзада Қапонова, Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Әсем Сембина, Назым Сағынтай, «Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары мен опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахно Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Әртістер ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор Абайдың әлеміне үңілу – олар үшін зор құрмет әрі қуаныш екенін атап өтті. Олардың айтуынша, адам карантин жағдайында, үнемі оқшау кеңістікте қалған кезде шексіз де жасампаз шығармашылық тереңіне бойлау – таза ауамен тыныстағанмен барабар. «Желсіз түнде жарық ай» әнін көпшілігі көз алдымызға әсем саздың үйлесімді әуездерінен орын тапқан айлы түн, бұлдыраған сәулелер тәрізді тылсым табиғат бейнелерін әкелетін тамаша поэзиямен байланыстырады. –  Абай әндері мәтіні мен музыкасының, сөздері мен әуендерінің ажырамас тұтастығымен ерекшеленеді. Абай Құнанбаев – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлы ақын, сазгер, философ, ағартушы әрі гуманист. Поэтикалық сөздердің күшімен ол адамдардың ойы мен жүрегіне әсер етті. «Желсіз түнде жарық ай» әні табиғат лирикасына жатады және ұлттық музыкалық өнердің нағыз жауһар қазынасы болып табылады, – деп бөлісті Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» жетекші солисі Жаннат Бақтай. Абайдың шығармашылығы ХХ-ХХІ ғасырдағы композиторлардың вокалдық, поэзиялық өнерінің дамуына елеулі әсер етті. Осынау аты аңызға айналған ойшылға «Абай» операсы арналған. Елордалық театр репертуарында ол негізгі орынға ие. 2018 жылы «Астана Опера» шығармашылық ұжымы А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.