Биыл 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады

Биыл 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады

Биыл 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қазақстанда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысатынын мәлімдеді. ҚазАқпараттың жазуынша, Үкіметтің онлайн отырысында спикер: «Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне кірістік. Оны жүзеге асыруға 5,5 трлн теңге бөлу қарастырылған. Биыл бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған, соның ішінде 2600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Темір жолды электрификациялау жалғасады. Сонымен бірге, республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы қызметке ауысып, бұл жолдарды бюджет есебінен күтіп-баптау азаяды. Үнемделген бюджет қаражатын өзге де маңызды жобаларға бағыттай аламыз», – деп атап өтті. Сонымен бірге, спикер Түркістандағы халықаралық әуежай мен Шымкенттегі жаңа жолаушылар терминалы салынып біткенін, Өскемен, Үржар, Үшаралдағы әуежайларды қайта жөндеу басталғанын еске салды. «Айтылған жобалар ең алдымен өңірлерде жаңа жұмыс орындарып құруға мүмкіндік береді. Бұл – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі», – деді Роман Скляр.