Коронавирус жұқтырудан қорқып, үңгірге тығылған

Коронавирус жұқтырудан қорқып, үңгірге тығылған

Коронавирус жұқтырудан қорқып, үңгірге тығылған
ашық дереккөзі
Бір топ турист Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттаракханд штаты Ришикеш қаласы маңындағы үңгірде бір айға жуық уақыт тұрған. Полиция туристерді жексенбі күні анықтады. ҚазАқпараттың CNN-ге сілтеме жасап жазған ақпарында жиһанкездердің арасында Франция, Түркия, Украина, АҚШ және Непалдан жиналған төрт ер адам мен екі әйел бар делінген. Үндістандағы төтенше жағдай тәртібіне сәйкес, қазір олардың барлығы карантинге жатқызылды. «Ақшасы біткен туристер қонақүйден кетіп, үңгірден пана тапқан», – деді Уттаракханд полициясының өкілі Мукеш Чанд. Олар үңгірде 24 наурыздан бері тұрып жатқан. Кейбір жергілікті басылымдар туристер коронавирусты жұқтырудан үрейленіп, үңгірге тығылғанын жазған. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 25 наурыздан бастап 14 сәуірге дейін елде қатаң оқшаулау режимін енгізді. Кейін ел билігі карантинді кемінде 3 мамырға дейін ұзартқан. 20 наурыздан бастап туристерге Уттаракханд штатына кіруге тыйым салынған. Ел билігі карантин себебімен елде қалып қойған шетелдік азаматтарға көмектесу үшін «Үндістанда қалып қойған» деген атаумен веб-сайт ашты. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістанда коронавирус жұқтырудың 17 615 оқиғасы тіркелген, 559 адам қайтыс болды. Ришикеш – йоганың әлемдік астанасы ретінде танымал қала.