Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
21 сәуір күні еліміздің көптеген қаласында жағымды метеорологиялық ахуал болжанады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбі күні ауа сапасының нашарлауы Шымкент, Семей және Өскеменде күтіледі. Қалған шаһарларда метеожағдай қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.