«Birgemiz» қорына 23,4 миллиард теңге жинақталды

«Birgemiz» қорына 23,4 миллиард теңге жинақталды

«Birgemiz» қорына 23,4 миллиард теңге жинақталды
ашық дереккөзі
2020 жылғы 20 сәуір сағат 18.00 жағдайға сәйкес, «Birgemiz» қорының шотында 23 369 711 214 теңге жинақталды. Қайырымдылық жәрдем «Казцинк» компаниясынан (4 264 400 000 теңге) және жеке тұлға К.И.Нигматуллиннан (50 000 теңге) келіп түсті. Қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады: – 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.); – 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.); – 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020).