Алматыда үш жасар бала коронавирустан емделіп шықты

Алматыда үш жасар бала коронавирустан емделіп шықты

Алматыда үш жасар бала коронавирустан емделіп шықты
ашық дереккөзі
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы тағы 4 адам Covid-19 жазылып, ауруханадан шыққанын хабарлады. Оның екеуі – 2017 және 2009 жылы туған балалар. Еркек пен әйелдің жай-күйі ауруханаға түскенде екі жақты полисегментті пневмонияның болуына байланысты ауыр деп бағаланған. «38 жастағы ер адам 10-14 сәуір аралығында өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Бүгінгі күні ол сауығып, өзін жақсы сезінуде», – деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Бүгінгі күні мегаполисте емделіп шыққандар саны – 88 адам.