Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды
ашық дереккөзі
Каспий теңізінің жағалауынан өлі итбалықтар табылды. Бұл туралы Эгология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. 19 сәуір күні Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Түпқараған ауданындағы рейд барысында Қаражанбас кен орны маңындағы бөгет аумағынан өлі 4 итбалықты тапты. Сонымен қатар 20 сәуірде Форт-Шевченко қаласындағы Каспий жағалауынан тағы бір өлі итбалық табылды.  width= Тексеру кезінде су жануарлары шамамен өткен күзде өлгені белгілі болды. Итбалықтар денесінің қатты бұзылуына байланысты тиісті сынамалар алу мүмкін болмады. Теңіз жағалауы мен судың өзінде өзге өлі итбалықтар анықталмады.