Birgemiz қорына 10 миллион доллар түсті

Birgemiz қорына 10 миллион доллар түсті

Birgemiz қорына 10 миллион доллар түсті
ашық дереккөзі
Бүгін Birgemiz қорына «Казцинк» ЖШС-нен 10 млн АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық көмек түсті. Бұл қаражат мұқтаж жандарға атаулы көмек ретінде беріледі, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Алдын ала есептеу бойынша, бұл қаражат шамамен 85 мың мұқтаж адамға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. «Коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған қайырымдылық көмек көрсеткені үшін компания басшылығына зор алғыс білдіреміз», – делінген Қор хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Елбасы қор тарапынан көрсетілетін көмектің екінші толқыны мамыр айында басталатынын атап өткен болатын.