Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді көлігімен қағып кеткен

Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді көлігімен қағып кеткен

Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді көлігімен қағып кеткен
ашық дереккөзі
Түркістан облысында құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді қағып кеткен. Тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасаған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өткен, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқиға Жетісай ауданында жүргізілген кезекті рейд кезінде болды. Тәртіп сақшылары рейд барысында қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда ол полицейлерді көлігімен соғып, оқиға орнынан ізін суытқан. Салдарынан үш полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алып, оларға медициналық көмек көрсетілген. «Жетісай аудандық ПБ қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Жедел іздестіру шаралары барысында жүгенсіз жүргізуші ұсталды. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушының «орташа дәрежеде» мас болғаны және есірткі пайдаланғаны анықталған. Оқиға ҚР ҚК-нің 379-бабы «Билік өкіліне бағынбау» және 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынып, оның автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.