Алматыда ХҚКО іске қосылды

Алматыда ХҚКО іске қосылды

Алматыда ХҚКО іске қосылды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Алматыда шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Бұл шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын жандандыратын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Оған сәйкес Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО-ны ашу туралы шешім қабылданды. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-16.00 аралығында кәсіпкерлер ХҚО-да бизнесті жүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Оларға қызмет көрсету үшін фронт-офисте 20-ға жуық маман жұмыс істейді. Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек Алматы әкімдігінен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен қамтамасыз етілген. ХҚО-ға барушылар бетперде кию тәртібін сақтаулары шарт. ХҚО мекенжайы: Шұғыла ш.а., 347/1.