Карантин: Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді

Карантин: Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді

Карантин: Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді
ашық дереккөзі
Covid-19 індетінің жылдам таралуын тоқтату мақсатында әлемнің көптеген елдері карантин жағдайын енгізді. Бұл індеттің таралуының алдын алуға, оны таратпауға оң әсер еткенімен, дүние жүзі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген. Тұрмыстық зорлықтың көбейгені туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Экономикалық және әлеуметтік қысым мен қорқыныштың күшеюіне байланысты біз отбасындағы зорлық-зомбылықтың жаһан бойынша бұрқ еткенін байқап отырмыз. Кейбір елдерде қолдау көрсету қызметтеріне жүгінген әйелдер саны екі есе артты», – деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысының сөзін еліміздің статистикасы да нақтылай түскендей. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда карантин режимі енгізілгелі бері физикалық және моральдық қысымға ұшырап хабарласатын әйелдер саны 2-3 есеге артқан. Биыл Nur otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңес Қазақстанның 200-ден астам елді мекенді аралап, 1 300-ден астам  білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарының жұмысын тексерген болатын. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1994 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойған болатын. Содан бері балалар өлімі 5 еседен көп төмендеп, соңғы 5 жылда балаларға білім беру 13,6%-ға артып, 95,2%-ды құрады. Бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі ету бойынша «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің 20 ұсынысы енген болатын. Қоғамдық кеңестің бастамасымен қыркүйек айынан бастап еліміздің әр өңірінен зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау, отбасыларға қолдау көрсету орталықтары кезең-кезеңмен ашыла бастады. Атап айтар болсақ, аталған қызмет Қостанай облысында тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар Кеңес көпбалалы аналарды оқытуға жәрдемдесіп отыр. Тек Нұр-Сұлтан қаласының өзінде аз қамтылған, көпбалалы аналар шеберханалармен бірлесе жұмыс істеп, үйде отырып тігін тігіп, табыс тауып отыр. Осы ретте оқырмандарымызға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгортимі» аталатын жадынамада берілген кеңестерді ұсынамыз:
  1. Зорлық-зомбылық туралы ауызша арызбен 102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласыңыз. Немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-арыз беріңіз. Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге келулерін талап етуге құқылысыз.
  2. Жарақат алған жағдайда «103» нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алыңыз.
  3. Балаларға, жастарға және зорлық-зомбылық көріп отырған адамдарға арналған тәулік бойғы ұлттық бірыңғай сенім телефондарына (тегін): 150 немесе +77081060810 нөміріне (WhatsApp) немесе www.telefon150.kz сайтына хабарласыңыз. Ол жерде сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп, учаскелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондарын береді. Хабарласқан адам туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік беріледі.
  4. Барлық өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда осы орталықтардан баспана сұрай аласыз. 5. Әр аймақта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Ол жерде сізге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетіледі. width=