BizBirgemiz: көпбалалы анаға көмек көрсетілді

BizBirgemiz: көпбалалы анаға көмек көрсетілді

BizBirgemiz: көпбалалы анаға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы BizBirgemiz акциясы аясында  көпбалалы ана Әсем Текжановаға көмек көрсетті. Бүгінгі күні бес бала тәрбиелеп отырған (оның екеуінің мүмкіндігі шектеулі) Павлодар қаласының тұрғыны Әсем Текжанова қаржылай көмек көрсетуін сұрап, Nur Otan партиясына хабарласқан болатын. Партияның Павлодар облыстық филиалы бұл отбасыға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар жинағын табыстады. Сондай-ақ, Birgemiz қорынан 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілді. Көпбалалы ана партиялықтар мен Birgemiz қорына алғысын білдірді.