Министр 42 500 теңгенің жырына нүкте қойды

Сондай-ақ!

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. –...

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық шығарғаннан кейін алды. Бұл туралы  Қазақстан Президентінің телерадиокешені дайындаған «Назарбаев факторы» атты...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл мақсатқа неге дәрістер таңдалды? Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеялары неге батысты дүрліктірді? Н.Назарбаевты...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді. Ал аурудың асқынуы, нақтырақ айтқанда Цитокин дауылы 9-10-күні басталады. Бұл туралы lb.ua-ға...

Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

ҚазАқпараттың жазуынша, министр: «Бүгінгі таңда төтенше жағдай салдарына байланысты табысынан айырылған 3 млн 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оларға 157 млрд теңге төленді. Өкінішке орай соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда «42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен» деген әңгіме көп таралып жатыр. Біз бәрін қарап шықтық. 5 сәуірден бастап заңгерлер осы мәселеге қатысты пікірін айта бастаған. Оның ішінде ерекше таралғаны сол күні Закон.кз порталында орыс тілінде Данияр Нұрланұлы мен Руслан Қожахмет есімді заңгер-адвокаттардың Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талдап, соны 42 500 теңге төлеміне қатыстырып жазған мақаласы болды», – деп атап өтті.

Ведоства басшысының айтуынша, аталған мақалада ол азаматтар «министр Нұрымбетовтің ешкімді жаппай тексермейміз деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәлімет беруі мүмкін» дегенге келтірген.

«Осыған байланысты, құрметті қазақстандықтар, ағайындар! Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Оны ана талқылап жатқан заңгерлер де біледі. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі бұл – әлеуметтік төлем. Бұл – әлеуметке бағытталған төлем», – деді министр.

Біржан Нұрымбетов халықтың басым бөлігінің табысы аз, жалақы мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес екенін баса айтты.

«Сондықтан көпшілік осы төлемді алғысы келеді. Өткен брифингте де айтқанмын, біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Жеке тұлғаларды, ресми не бейресми болсын жұмыс істеп жүргендерді үйлерді аралап, тексермейміз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сіздерге төленді ме? Алыңыздар, жаратыңыздар. Тексеру болса да бізді тексереді», – деді Еңбек министр.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен,...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді....

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...