Полицей формасын киген белгісіз біреу 13 адамды атып өлтірді

Полицей формасын киген белгісіз біреу 13 адамды атып өлтірді

Полицей формасын киген белгісіз біреу 13 адамды атып өлтірді
ашық дереккөзі
Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы атыстан кемінде 13 адам мерт болды. Олардың біреуі полиция қызметкері, – деп жазды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, тұрғындарға еш себепсіз шабуылдаған адам полицейдің формасын киіп, құқыққорғау орғандарының қызметтік көлігіне ұқсас автокөлікпен жүрген. Атыс сенбі күні Портапик деген шағын қаладан басталған. Полиция шабуылдаушыны тоқтақпақ болып, 12 сағат бойы арпалысқан. Жергілікті тұрғындарға ешқайда шықпау қажеттігі туралы ескертілген. Қылмыскер қолындағы қаруымен Жаңа Шотландиядағы бірнеше елді мекенде болған. Сондықтан оның нақты қанша адамды өлтіргені әзірге белгісіз. Жергілікті полиция Twitter арқылы 51 жастағы Гэбриел Уортман атты азаматқа күдік келтіріліп отырғанын хабарлады. Ол полиция қызметкері емес. Жаңа Шотландия үкіметінің басшысы Стивен Макнил «Бұл біздің провинцияның тарихындағы бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылық» деген баға берді. Канада полициясының басшысы Бренда Луцкий қарақшыны ұстау кезінде тәртіп сақшыларының онымен атысқанын хабарлады. Соған қарамастан бұл жағдайға әзірге «террористік акті» деген баға берілген жоқ. Қылмыстық әрекеттің мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Полиция басшысының сөзінше, шабуылдаушының алдымен нақты жоспары болған, кейіннен ол бей-берекет әрекет ете бастаған.