Республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1735 адамға жетті

coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, коронавирус жұқтырған тағы 24 адам тіркелді: Нұр-Сұлтанда – 9, Алматыда – 1, Шымкентте – 4, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 4, Қостанай облысында – 4 адам.

Осы уақытта республика бойынша аталмыш індетті жұқтырғандар саны 1735 адамға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 381, Алматы қаласы – 525, Шымкент қаласы – 71, Ақмола облысы – 82, Ақтөбе облысы – 27, Алматы облысы – 44, Атырау облысы – 80, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 61, Батыс Қазақстан облысы – 63, Қарағанды облысы – 93, Қостанай облысы – 19, Қызылорда облысы – 149, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Түркістан облысы – 60.

Айта кетейік, жаңа вирустан жазылып кеткендер саны еліміз бойынша 401 адамды құрап отыр.

Back to top button