Коронавирус белгілерімен ауруханаға түскен науқастан аппендицит анықталды

Коронавирус белгілерімен ауруханаға түскен науқастан аппендицит анықталды

Коронавирус белгілерімен ауруханаға түскен науқастан аппендицит анықталды
ашық дереккөзі
Жедел жәрдем ауруханасы, қазірігі провизорлық орталықтың дәрігерлері карантинде жатқан пациентке шұғыл түрде операция жасады. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Басқарма дерегінше, науқастың дене температурасы провизолық орталыққа түскенге дейін, бірнеше күн көтерілген. Аурухана дәрігерлері оны үнемі тексеріп отырды, аурудың себебін түсінуге тырысты, өйткені белгілері Covid-19 ұқсас болды. Коронавирусқа алынған анализ теріс нәтиже көрсетті. Тексеру кезінде науқаста асқынған жедел аппендицит анықталды. Дәрігерлер әйелдің соқырішегіне дереу ота жасау туралы шешім қабалдады. Аурухананың хирургі Нұрхат Есенбеков, оның көмекшісі гинеколог Гүлмира Орынова, анестезиолог Марат Сәтбеков және медбикелер індеттен қорғану костюмдерін киді. «Біз мұндай жағдайда ешқашан жұмыс істеген емеспіз, ыстық моншада жүргендей сезіндік. Бетіміздегі маска мен көзілдірік терлеп, буланып кетті. Тыныс алудың өзі қиын болды. Қасымдағы көмекшім есінен танып қала жаздады. Бірақ өзін соңына дейін ұстады. Операция екі сағатқа жуық созылды. Бұл менің тәжірбиемдегі ең күрделі ота болды»,- дейді Нұрхат Есенбеков. Дәрігердің айтуынша, қиындықтарға қарамастан ота сәтті аяқталды, қазір науқастың жағдай жақсы. Өз кезегінде, дәрігерлер қазір басқа жерде тұрып жатыр. Хирургтің айтуынша, оның үйіне бармағанына бір ай болған. «Мен біздің аурухана ұйымдастырған қонақүйде тұрамын, отбасымен телефон және Whatsapp арқылы сөйлесемін. Олар бәрін түсінеді және мені қолдайды. Менің әйелім – инфекционист. Қазір үйде балаларымен отыр. Қазір ешкімге оңай емес, ең бастысы бәріне төтеп беру. Біз бұл ауруды жеңеміз», - дейді дәрігер.