Жаңалықтар

Коронавирус: Украинада 1 мыңнан астам дәрігер індет жұқтырған

ашық дереккөзі

Коронавирус: Украинада 1 мыңнан астам дәрігер індет жұқтырған

Коронавирус инфекциясын жұқтырған украиналық дәрігерлердің саны 1 мыңнан асты. Бұл туралы Украинаның Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Министрдің айтуынша, індетке шалдыққан медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 1031. Елде 5449 адамнан вирус анықталған. Олардың 358-і – бала. Украинадағы әрбір бесінші науқас – денсаулық сақтау саласының қызметкері. Максим Степановтың дерегінше, 14 сәуірде індет жұқырған медицина мамандарының саны 594 болған. Яғни, 4 күн ішінде коронавирусқа шалдыққан ақ халаттылар қатары 2 есе артып отыр. Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар украиналықтарды карантин режимін бұлжытпай орындайтын тұрғындар деп атаған болатын. Apple Maps-тен алынған деректерге сүйенсек, карантин тәртібі енгізілгелі бері ел тұрғындары жыл басымен салыстырғанда екі есе аз серуендеген. Ал көлік қозғалысы 35 пайызға азайған. Бұл Еуропадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.