Нұр-Сұлтанда дәрігерлердің құрметіне үйлердің қасбетіне сурет салынуда (видео)

Елорда суретшілері дәрігерлердің құрметіне тұрғын үйлердің қасбетіне сурет салып жатыр. 

Бас қаланың шығармашылық қауымдастығы медицина қызметкерлеріне осылай өз алғыстарын білдірді. Әкімдік қылқалам шеберлерінің бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсеткен. Алғашқы сурет Сарыарқа мен Жангелдин көшелерінің қиылысындағы көп қабатты үйлердің қабырғасына салынды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аумақ кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Осы маңға жақын жерде медициналық университет орналасқан. Жоба жетекшісі Кристина Бекмырзаева мурал бүгін кешке дайын болады дейді. Шығармашылық топ бұл бағыттағы жұмыстарын тағы да жалғастыруға әзір.

«Әншілер онлайн-концерттер өткізіп жатыр. Біз де «Біз біргеміз» акциясына өз үлесімізді қосқымыз келді. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіруді жөн көрдік. Қауіпті індетпен күресіп жатқан әрбір медицина қызметкерін батыр санаймыз. Алғысымыз шексіз», – дейді  жобаны ұйымдастырушы Кристина Бекмырзаева. 

Back to top button