Шымкентте қайтыс болған үш баланың неден көз жұмғаны анықталды

Шымкентте қайтыс болған үш баланың неден көз жұмғаны анықталды

Шымкентте қайтыс болған үш баланың неден көз жұмғаны анықталды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында үш баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Белгілі болғандай, олардың үйі қайғылы жағдайға дейін зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен зарарсыздандырылған.   Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кетейік, өткен жылдың 3 қарашасында төрт жастағы және бір жастағы балалар белгісіз заттан уланып, көз жұмған. Осыған ұқсас жағдай ағымдағы жылдың 13 ақпанында да тіркелді. Ол кезде Шымкент қаласында сегіз айлық нәресте қайтыс болды. Әуелде балалар тұшпарадан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда талдау тамақта зиянды зат болмағанын көрсетті. "Анықталғандай, қайғылы жағдайға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинфекция жүргізілген. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол 42 жастағы ер адам. Ол ауыл шаруашылығы саласына арналған "Имидаклопридты" қолданған", - деді қалалық полиция департаменті. Сот шешімімен күдікті екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша (санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормативтердің бұзылуы) тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе, ер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.