Коронавирус: АҚШ-тың Нью-Йорк штатында өлім-жітім көрсеткіші азайды

Коронавирус: АҚШ-тың Нью-Йорк штатында өлім-жітім көрсеткіші азайды

Коронавирус: АҚШ-тың Нью-Йорк штатында өлім-жітім көрсеткіші азайды
ашық дереккөзі
Өткен жұмада АҚШ-тың Нью-Йорк штатында коронавирус індетін көз жұму көрсеткіштері азайды. Бұл туралы губернатор Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды korrespondent.net. «540 адамның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар бар. Бұл бұрынғыға қарағанда азырақ. Біз 504 аурухана және 36 қарттар үйінде қайтыс болған 540 адам туралы айтып отырмыз», - деді губернатор баспасөз мәслихатында. Эндрю Куомоның айтуынша, штатта терапия бөлімінде интенсивті терапияны қажет ететін науқастар саны біршама азайған. Ауруханаларға ауыр хәлде түсетіндер қатары да сирепті. Губернатор штат федералды үкіметтен, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдарынан көмек алуды жалғастыра беретінін жеткізді. Джон Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 735 мыңнан асып жығылды. Елде 38 910 адам көз жұмған. Оның 13 мыңнан астамы Нью-Йорк штатының тұрғындары. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1661 дерегі тіркелді. Індетке шалдыққандардың 382-сі емделіп шықты. 17 адам көз жұмды.