Елордалық дәрігерлердің көлігіне арнайы белгі жабыстырылады

Елордалық дәрігерлердің көлігіне арнайы белгі жабыстырылады

Елордалық дәрігерлердің көлігіне арнайы белгі жабыстырылады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан дәрігерлердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін олардың жеке көлігіне арнайы белгі жабыстырылады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен хабарланды.  «Қазіргі таңда медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүр. Адамдардың денсаулығы дәрігерлердің шақырылған жерге тез келуіне байланысты. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала көшелерінде олардың қозғалысын жеңілдету үшін қызыл крест түріндегі «Дәрігер» белгісін таратады», - делінген хабарламада. Жүргізушілерді тексеру үшін қаланың бірнеше нүктесінде мобильді посттардың қойылғаны белгілі. Осыдан кей жерде көліктер көп тұрып қалады. «Осындай жағдайда дәрігерлер өз көлігімен кедергісіз өтуі үшін полиция қызметкерлері осы белгіні таратады. ҚР Жол жүру ережесінде «Тану белгілері» деген норма бар. Оған сәйкес жедел әрі арнайы қызметтердің автокөліктері, автобустары мен мотоциклдарының СТ РК 1863-2018 ұлттық стандартына сәйкес белгілі бір функциялық міндетте екені айқындалады. ҚР ЖЖЕ «Тану белгілері» бөлімі талаптарына сәйкес дәрігер-жүргізушінің тілегі бойынша оның көлігінің артына немесе алдына көк түспен қоршалған ақ фондағы қызыл крест белгісі жабыстырылады», - дейді департаменттегілер.