Испания билігі балалардың үйден шығуына рұқсат бермек

Испания билігі балалардың үйден шығуына рұқсат бермек

Испания билігі балалардың үйден шығуына рұқсат бермек
ашық дереккөзі
Испанияда карантин режимі 9 мамырға дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Үкімет бұл ұсынысты жуық арада парламентке жолдайды. Десе де, ел билігі балаларға арналған шектеу шараларын жеңілдетуді көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, сәуірдің 27-сінен бастап балалардың үйден шығуына рұқсат етілмек. Осы аптаның басында мемлекетте инфрақұрылымға қатысты кәсіпорындар өз жұмысын қайта бастады. Себебі елде дерттің таралуы бәсеңдей бастаған. Соңғы дерекке сүйенсек, соңғы тәулікте Испанияда 565 адам індеттен көз жұмған. Елде коронавирус құрбандарының саны 20 мыңнан асып жығылды. Ал қатерлі вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 192 мыңға жуықтады. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1654-ке жетті. Елімізде індеттен 17 адам көз жұмды. 378 адам емделіп шықты.