Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

Шымкентте блокбекеттегі полицейді джип жүргізушісі қағып кетті (видео)

Шымкент қаласында джип көлігінің жүргізушісі блокпостта тұрған полиция қызметкерін қағып кетті.

Соның салдарынан кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы Бәйдібек би мен Толеметов көшелерінің қиылысында орын алған. Lexus LX 570 таңдаулы көлігінің 33 жастағы жүргізуші жолда өз міндетін атқарып тұрған тұрған полиция қызметкерін қағып кеткені хабарланды.

Кінәлі жүргізуші оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 380 бабы 3 бөлігі 9 тармағы «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану, төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған іс-әрекет» бойынша іс қозғалып, джип көлігі айыптұраққа қойылғаны белгілі болды.

Аталған бап бойынша кінәлі тұлғаға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button