Алматыға жаңа бас санитар тағайындалды

Алматыға жаңа бас санитар тағайындалды

Алматыға жаңа бас санитар тағайындалды
ашық дереккөзі
Жандарбек Бекшин Алматының жаңа бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Жедел штабтың хабарлауынша, Алматының бас санитар дәрігері денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен тағайындалған. 18 сәуір күні тиісті құжатқа қол қойылды. Айта кетейік, Жандарбек Бекшин бұған дейін Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде болып, кейін лауазымынан босатылған болатын. Ол тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жаңа төрағасының орынбасары болып қалғанын мәлімдеді. Алайда, бүгін оның Алматы қаласының бас санитары болып тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметте Бекшин Айзат Молдағасымованы алмастырды.